Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ақша жымқырды деген күдікпен білім беру басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы білім басқарма басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарын ұстады. Ол және басқа да басқарма қызметкерлері мемлекет қаржысын жымқырды деп күдіктеліп отыр. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды.

Басылым дерегінше, 2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері "алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен" аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

Күдікке ілінгендер бұны басқармада жұмыс істемейтін адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы жасаған.

Сонымен қатар, олардың қызметкерлердің іссапар шығындарының сомасын асыра төлеп, іс жүзінде өткізілмеген білім беру іс-шараларына төлем жасағаны айтылды.

"Азаматша ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Алдын ала ақпарат бойынша, 38 жастағы күдікті құқыққорғаушылар тергеу жүргізіп жатқан кезеңде (2015-2020 ж.ж.) басқармада есеп бөлімінде жұмыс істеген, тек 2020 жылдың қарашасында басқарма басшысының орынбасары болған, деді Ақ Жайық.

Басылым тілшісі білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есанғалиевтан бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруін сұраған. Алайда ведомство басшысы уақыты жоқтығын айтып, сұрақтарға жауап бермепті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920863-atyrauda-aqsa-zymqyrdy-degen-kudikpen-bilim-beru-basqarmasy-bassysynyn-orynbasary-ustaldy/

pixel