RU

Нұр-Сұлтанда ер адамның әмиянын тартып алған қарақшы видеоға түсіп қалды

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтанда жергілікті тұрғынды түнгі уақытта тонап кетті. Қарақшы оның қолынан ақша, құжаттар мен телефон салынған сөмкені жұлып алған деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленуші қызбен бірге түнде үйіне қайтып бара жатқанда жолдан өткен адам күтпеген жерден қолындағы әмиянын жұлып алып, белгісіз бағытта жоғалып кеткенін айтты.

Ұрланған әмиянда жәбірленушінің телефоны, құжаттары мен банк карталары болған. Залалдың жалпы сомасы шамамен 400 мың теңгені құрады.

Полиция күдіктіні ұстай алды, ол 21 жастағы астана тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, ұсталып қалудан қорқып, ұрлаған заттардан тезірек құтылғанын айтты.

Тәртіп сақшылары "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920873-nur-sultanda-er-adamnyn-amiyanyn-tartyp-algan-qaraqsy-videoga-tusip-qaldy/