Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үш баланы тәрбиелеп отырған полиция қызметкері абақтыға қамалды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде жергілікті полиция қызметінің аға инспекторына сот үкімі шықты. Үш баланың анасы алаяқтық және пара беруге шақырғаны үшін колонияға жіберілді деп хабарлайды "Диапазон".

40 жастағы полиция қызметкері Ақтөбедегі аудандардың бірінде аудандық полиция бөлімінің жұмысын ұйымдастырған.

Ол бір қылмыстық істің мән-жайынан хабардар болып, ондағы сотталушы жас жігіт екенін біледі.

Полиция қызметкері күдіктінің анасына хабарласып, тергеуші ұлының мәртебесін өзгертіп, оны істе "куәгер" ете алатынын айтқан. Бірақ ол үшін 100 мың теңге төлеу керек екенін жеткізген.

Бұл ақшаны тергеушіге беруді инспектор өз мойнына алыпты. Күдіктінің анасы келісіп, полиция қызметкеріне 20 мың қолма-қол беріп, қалған 80 мың теңгені банктегі есепшотқа аударған.

Кейінірек аға инспектор мәртебені өзгерту мүмкін емес екенін айтып, жағдайдан шығудың басқа жолын ұсынады. Ол жәбірленушімен татуластыру мүмкіндігін, бірақ ол үшін 300 мың теңге төлеу керек екенін хабарлайды.

Ал Ақтөбе тұрғыны инспекторға тағы 180 мың берген соң алданып жатқанын түсінеді. Содан күідктінің анасы жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінеді.

Нәтижесінде инспекторға қатысты "Алаяқтық" және "Пара беруге шақыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот үш баланың анасын 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар оған бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.

Еске сала кетейік, Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Болатбек Каюповтың ірі көлемде пара алу ісі бойынша үкім жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920898-aqtobede-us-balany-tarbielep-otyrgan-policiya-qyzmetkeri-abaqtyga-qamaldy/

pixel