Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал тұрғыны сауда үйінде лифт шахтасына құлап кетті

Опубликовано:

Человек нажимает на кнопку лифта
Фото: pixabay.com

Орал тұрғыны сауда үйінде лифт шахтасына құлап кетті деп жазады Мой город.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2 шілде күні 15.07-де 101 пультіне ер адамның сауда үйіндегі лифт шахтасына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 49 жастағы жергілікті тұрғынды құтқарды.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де жүк тиеуші болып жұмыс істейтін 49 жастағы ер адамның жұмыс орнында лифт шахтасына құлап, жарақат алғанын растап отыр.

Оның жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалқаны, иығы сынғаны, денесі көгергені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ер адам ауруханада емделіп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас жағдай Павлодар облысында да орын алған. Онда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920899-oral-turgyny-sauda-uiinde-lift-saxtasyna-qulap-ketti/

pixel