Жаңаөзенде шаңды дауыл тұрды (видео)
Опубликовано:

Жаңаөзенде шаңды дауыл тұрды. Тұрғындар бұл сәттің видеосымен желіде бөлісуде деп хабарлайды inaktau.kz.
Аймақта ауа райының күрт бұзылуына байланысты "Қазгидромет" РМК-ның Маңғыстау облыстық филиалы пікір білдірді.
"Жаңаөзен Автоматты метеостанциясының мәліметінше, 3 шілдеде жергілікті уақыт бойынша шамамен 16:00 желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейген. Шаң, тұман сынды атмосферлық құбылыстар байқалған, оның соңы бұршақ аралас нөсер жауынға ұласқан", - дейді синоптиктер.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бес облысында аптап ыстыққа байланысты "қызыл" деңгей жарияланған еді.
Одан бөлек, синоптиктер қызыл" деңгейде орналасқан облыстарда дауылдық ескерту жариялады.
Мәселен Қызылорда облысында 3-5 шілде аралығында 45 градусқа дейін аптап ыстық пен өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында да 3-4 шілде күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа көтеріліп, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жалпы мамандардың болжамынша, шілде айы ыстық болады әрі жауын-шашын аз түседі.
Шілдеде батыста және солтүстік-батыста түнде ауа температурасы +22+30 градусқа дейін, күндіз +33+43 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +15+23°С-қа дейін, күндіз +28+39°С-қа дейін жоғарлайды.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде +18+27 градус, күндіз +35+43 дейін ыстық болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920920-zanaozende-sandy-dauyl-turdy-video/