RU

Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жасөспірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жасап.

Оқушы қыз көшеде достарымен серуендеп жүрген. Жақындары жасөспірімді түсқайта іздей бастаған. Алайда оны не өздерінің не көрші ауладан таба алмаған.

Бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң қыздың жақындары полицияға жүгінген.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Туыстарының айтуынша, жасөспірім Майқұдық тұрғын үй алабындағы аймақта жоғалып кеткен.

Оқушы қыздың үстінде күрең түсті футболка, көк түсті лосины, басында Аdidas деген жазуы бар ашық түсті панама, аяғында алқызыл түсті босоножка, қолында қанық жасыл түсті сөмке бар.

Бойы 160 сантиметр, арықша келген. Туыстары жасөспірім жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз +7 708 262 0411 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Айта кетсек, бұған дейін Таразда анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған 14 жастағы қыз табылған еді.

Полиция қызметкерлері қабылдаған жедел іс-шаралар нәтижесінде жоғалған жасөспірім Тараз қаласындағы көшелердің бірінен табылған.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында 16 жастағы қыз жоғалып кетіп, кейін аман-есен табылған болатын. Белгілі болғандай жасөспірім достарымен жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920923-qaragandyda-13-zastagy-zasospirim-qyz-zogalyp-ketti/