Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда маңында ұшақ құлады

Опубликовано:

Жерге құлаған ұшақ
Фото: ҚР ТЖМ

Төртінші шілде күні сағат таңғы 07.00 шамасында Қызылорда қалалық әкімшілігіне қарасты Қараултөбе ауылынан 12 шақырым жерде ұшақ құлады. АН-2 ұшағы күріш алқаптарын өңдеу барысында құлап түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әуе кемесі ұшқаннан кейін бірнеше шақырымнан соң техникалық ақауларға байланысты мәжбүрлі түрде қонбақ болған кезде жерге құлаған.

"Ұшақ бортында 1954 пен 1967 жылы туған екі пилот болды. Олар дереу түрде ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда", - деп мәлімдеді. ҚР ТЖМ.

Анықталғандай, АН-2 ұшағы "Илиса" ЖШС-ға тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920943-qyzylorda-manynda-usaq-qulady/

pixel