Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АН-2 ұшағының құлауы: Арнайы комиссия құрылды

Опубликовано:

Қағаз қалам1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қызылордада АН-2 ұшағының құлауына байланысты комиссия құрылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

"Әуе кемесінің операторы «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» («ЭЛИСА») қауымдастығы нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігі әуе кемесін пайдаланушы болып табылады. Аталған факті бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізеді" , делінген комитет хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш егістігін өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920949-an-2-usagynyn-qulauy-arnaiy-komissiya-quryldy/

pixel