Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: Атырауда шектеу шаралары күшейтілді

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда бірқатар нысандардың жұмысын режиміне шектеулер енгізілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) тек қана жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте оларда орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, спорт кешендері, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары (оларда орналастырылған бассейндер, сауналар, СПА, массаж, пилинг), сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал, «Аshyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін созылады. «Ashyq» жобасына қосылған нысандарды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салынып отыр.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы 2021 жылғы 5 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920957-zana-qauly-atyrauda-sekteu-saralary-kuseitildi/

pixel