Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда Ashyq жобасына қатыспаған дәмханалардың жұмысы тоқтатылды

Опубликовано:

Ashyq қосымшасы
Көрнекі фото: gov.kz

Атырау облысында "Ashyq" жобасына қатыспайтын дәмханалардың жұмыс уақыты шектелді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде жазғы алаңдары жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, сенбі мен жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынып отыр.

"Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) үшін үй-жай ішінде және ашық ауада жұмыс режимі жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, үстелдер арасындағы қашықтықтың кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу бір отбасының мүшелерін қоспағанда 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істейді", -делінген қаулыда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920963-atyrauda-ashyq-qa-qatyspagan-damxanalardyn-zumysy-toqtatyldy/

pixel