RU

Жеңілдікпен үй алмақ болған семейлік алаяқтың арбауына түсіп қалды

Пәтер
Көрнекі фото: Newtimes.kz

Жеңілдікпен үй алмақ болған семейлік алаяқтың арбауына түсіп қалды деп хабарлайды Polisia.kz.

31 жастағы семейлік әйелдің баяндауынша, 2019 жылдың қазан айында Семей қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында алдау және сенімге кіру жолымен жылжымайтын мүлікті жеңілдетілген бағаға сатып алу сылтауымен бейтаныс әйел оның 500 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920969-zenildikpen-ui-almaq-bolgan-semeilik-alayaqtyn-arbauyna-tusip-qaldy/