Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрып-соғып, қорқытқан: Маңғыстауда құлдықта болған 59 жастағы азамат босатылды

Опубликовано:

Құл
Көрнекі фото: starfate.ru

Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты 3 ай бойы құлдықта ұстағаны анықталды. Оқиға Бейнеу ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған.

Sputnik Қазақстан дерегінше, кәсіпкер жәбірленушіні наурыз айынан бастап қорқытып, ауыр жұмыстарға жеккен. Ұрып-соғып, бір тиын жалақы төлемеген.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденсе, шаруа иесі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.    

"Бейнеу ауданы полиция бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері "Стоп-трафик" жедел іс-шарасын өткізу барысында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісін анықтады. Тұрғынның айтуынша, С. есімді ер адам оған қатысты күш қолданған", - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Айғаным Рахметова.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3 -бөлігіне сәйкес Бейнеу аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920974-uryp-sogyp-qorqytqan-mangystauda-quldyqta-bolgan-59-zastagy-azamat-bosatyldy/

pixel