Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда тұрғын үй өртеніп, күйік шалған үш адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: Sputnik/ Константин Чалабов

Оралда тұрғын үй өртеніп, күйік шалған үш адам ауруханаға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 4 шілде күні сағат 01.36-да Спортивная көшесі 5-мекенжайында болды. Бір қабатты төрт пәтерлік үйдің төбесі (аумағы - 100 шаршы метр) өртеніп, опырылып түскен. Сосын жалын 60 шаршы метр қабырғаны шарпыған. Үйдің жалпы алаңы - 180 шаршы метр.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 31 жастағы үй иесі (денесін 30 пайыз бірінші дәрежелі күйік шалған, жағдайы ауыр), 32 жастағы әйелі (15-20 пайыз, екінші дәрежелі күйік, халі орташа), олардың биыл туған қызы (15 пайыз, 2-3 дәрежелі күйік, жағдайы орташа) ауруханаға жатқызылды.

Тілсіз жау сағат 03.52-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Оқиға орнына ТЖ департаментінен 16 қызметкер, 5 техника, Орал қаласы полиция басқармасынан жедел тергеу тобы (5 қызметкер, 1 техника) барды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда лифт шахтасына құлап кеткен ер адамның қүтқарылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҚО-да сегіз жасар бала суға батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920975-oralda-turgyn-ui-ortenip-kuiik-salgan-us-adam-auruxanaga-tusti/

pixel