Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағдай ушығып жатыр: Елімізде өткен тәулікте 3031 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 3031 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 436 962-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 799

Алматы қаласы - 396

Шымкент қаласы - 161

Ақмола облысы - 130

Ақтөбе облысы - 69

Алматы облысы - 92

Атырау облысы - 149

Шығыс Қазақстан облысы - 66

Жамбыл облысы - 57 Батыс

Қазақстан облысы - 186

Қарағанды облысы - 499

Қостанай облысы - 54

Қызылорда облысы - 33

Маңғыстау облысы - 196

Павлодар облысы - 87

Солтүстік Қазақстан облысы - 12

Түркістан облысы - 45

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әкімдігі мереке қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасағанын жазған едік.

"Сондықтан, Алматыдағы коронавирус таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын ескере отырып, алматылықтар мен қала қонақтарын мерекелік демалыс күндері қарсаңында қоғамдық орындарға барудан бас тартуға шақырады.

Сонымен қатар, санитарлық қауіпсіздік шараларын, оның ішінде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Жалпы, инфекциядан қорғаудың жалғыз сенімді әрі тиімді жолы — вакцина салдыру", - дейді әкімдік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920993-otken-taulikte-elimizde-nese-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel