Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ата-анасымен шомылуға барған 13 жастағы жасөспірім суға кетті

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде ата-анасымен шомылуға барған 13 жастағы жасөспірім суға кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай қызметі демалыс күні өңірде екі бірдей қайғылы жағдай тіркелгенін хабарлайды. Оның бірінде ақылы жағажайға ата-анасымен демалысқа барған жасөспірім суға кетті, екінші жағдайда мас күйінде суға шомылған 26 жастағы тұрғын қаза болды.

Оқиға демалыс күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданы Бөгетсай ауылында тіркелді.

Жасөспірім ата-анасымен Ор өзеніндегі “Талдыбұлақ” жеке жағайына демалысқа  барған.

Қайғылы жағдай 11 сағат 44 минутта тіркелді. 13 жастағы жасөспірімнің денесін туыстары 2 метрден алып шықты.

"Келесі қайғылы оқиға кешкі уақытта Елек өзеніндегі суға шомылуға рұқсат етілмеген орында тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, 1995 жылғы тұрғын мас күйінде суға түскен. Құтқарушылардың күшімен аталған азаматтың денесі 3,5 метр тереңдіктен шығарылды",- деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқару қызметі суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Соның ішінде суға мас күйінде шомылмауды, суға түсуге рұқсат етілмеген орындарға бармауды және балаларды ересектердің назарынан тыс қалдырмауды қатаң ескертеді.

Айта кету керек, облыс аумағында жыл басынан 15 адам суға кетті, оның төртеуі бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921017-aqtobede-ata-anasymen-somyluga-bargan-13-zastagy-zasospirim-suga-ketti/

pixel