Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Тестілеу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Coronavirus2020.kz сайты өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны туралы мәліметтерді өз Telegram каналында назарға ұсынды.

Қазақстанда өткен тәулікте 2618 адамның коронавирусты жұқтырғаны ПТР арқылы расталған.

Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандар саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 710

Алматы қаласы - 277

Шымкент қаласы - 103

Ақмола облысы - 124

Ақтөбе облысы - 42

Алматы облысы - 88

Атырау облысы - 154

Шығыс Қазақстан облысы - 55

Жамбыл облысы - 60

Батыс Қазақстан облысы - 181

Қарағанды облысы - 490

Қостанай облысы - 54

Қызылорда облысы - 30

Маңғыстау облысы - 83

Павлодар облысы - 105

Солтүстік Қазақстан облысы - 30

Түркістан облысы - 32

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 439580 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында коронавирусқа байланысты жаңа қаулы шыққанын жазған едік.

"Ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын",- делінген қаулы мәтінінде.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария еткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921049-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel