Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: Тағы бір облыста карантин талаптары күшейтілді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сайтында жария болды.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов өңірдегі карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыны жария етті.

Қаулыға сәйкес, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркістан облысы аумағында карантин мен шектеу шаралары қатаңдатылатын болады.

Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды (үй аумағында өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда) өткізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, ойын-сауық нысандарының (түнгі ойын клубтары, караоке, букмекерлік кеңселер, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, батут пен аттракциондар) қызметіне тыйым салынды.

65 жастан асқан адамдардың аудан, қалаларда қажеттілік туындамаған жағдайда жүруі шектелетін болды.

Ashyq жобасына қатыспаған нысандар – мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, облысаралық тұрақты емес тасымалдар (туристік), бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, банкет залдарының қызметіне де тыйым салынып отыр.

Ал қалалық қоғамдық көлік жұмыс істеуіне сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етілген.

Қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921088-zana-qauly-tagy-bir-oblysta-karantin-talaptary-kuseitildi/

pixel