Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы құтқарушылары аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға ескерту жасады

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға ескерту жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, жетінші шілде күні Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал.

Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынып отыр:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз;
  • Сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болатынын ұмытпаңыз. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
  • Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
  • Көлікпен ұзақ сапарларға шықпауға тырысуыңыз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді;
  • Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнген болса, "112", "101" бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).
  • Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921104-almaty-qutqarusylary-aptap-ystyqqa-bailanysty-turgyndarga-eskertu-zasady/

pixel