RU

Елорда күніне орай Шымкентте модернизациядан өткен 3 кітапхана ашылды (фото)

Кітапхана
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Елорда күніне орай Шымкентте модернизациядан өткен 3 кітапхана ашылды.

Биыл Шымкентте 10 кітапханаға модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Алғашқы кезеңде 6 кітапхананы, ІІ-кезеңінде 4 кітапхананы тапсыру көзделген.

Бұған дейін І-кезеңге жоспарланған 3 кітапхана ашылған болса, бүгін елорда күніне орай қалған 3 кітапхананың жөндеу жұмыстары бітіп, ел игіліне берілді.

Кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен Book Cafe, Coworking Center, шахмат клубы, Relax room бөлімдері ашылды.

Кітапхана795
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, білімді ұрпақты тәрбиелеуде бір қадам алға басты деуге болады.

Еске сала кетсек, ІІ-кезеңге жоспарланған 4 кітапхананың модернизация жұмыстары күз айларында жүргізілмек.

Кітапхана741
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921114-elorda-kunine-orai-symkentte-modernizaciyadan-otken-3-kitapxana-asyldy-foto/