Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев11
Фото: Liter.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Президент Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдаған.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", – делінген мемлекет басшысының жеделхатында.

Еске сала кетейік, 6 шілдеде Камчатка өңірінде Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана ауылына ұшып шыққан Ан-26 жолаушылар ұшағының радардан жоғалып кеткені хабарланған еді.

Ұшақпен байланыс Палана әуежайынан 10 шақырым жерде үзілген.

Кейін әуе кемесінің қалдықтары табылды. Ресей ТЖМ-нің ресми ақпаратына сүйенсек, ұшақ бортында 22 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың ешбірі аман қалмаған.

Болжамдардың біріне сәйкес, әуе апаты ұшу кезінде болған қателік салдарынан туындаған болуы мүмкін.

"Ұшақтың сынықтары Палана ауылының маңынан табылды. Құлап бара жатқан ұшақ шоқымен соқтығысып, қираған", - дейді дереккөз.

Айта кетейік, 4 шілдеде шамамен сағат таңғы 07.00-де Қызылорда облысы Қараұлтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш алқаптарын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлаған еді.

Одан бөлек, 5 шілде күні Аматы облысында Eurocopter EC 130B4 тікұшағы апатқа ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921122-toqaev-reseidegi-usaq-apatyna-bailanysty-putinge-konil-aitty/

pixel