Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың жаңа ошағына айналуы мүмкін мемлекет аталды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: Mike Hewitt/Getty Images

Ұлыбритания коронавирустың жаңа мутациясының ошағына айналуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер Хилари Джонс мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Оның сөзінше, үкімет тұрғындарды жаппай вакциналау үшін бар күшін салуда. Бірақ пандемиямен күресу үшін басқа да шаралар қабылдау қажет.

"Бәрі екпе көмектесті деп айтады. Расымен де екпенің көмегі тиді. Соның арқасында аурудың ауыр зардаптары мен өлім жағдайлары азайды. Егер тек коронавирустың "альфа"-мутациясы ғана болса біздің жағдайымыз жақсы болар еді. Бірақ қазір елде анағұрлым жұқпалы "дельта нұсқасы" таралып жатыр", - дейды Джонс.

Дәрігердің сөзінше, алдағы уақытта Ұлыбританияда тәулігіне COVID-19 жұқтырған 50 мың адам тіркелуі мүмкін. Бұл коронавирустың жылдам мутацияға ұшырауына әкеледі.

Айта кетсек, 5 шілде күні Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған 27 334 адам тіркеліп, тоғыз науқас көз жұмған. Елде ересек тұрғындардың 64 пайызына толық екпе салынған. Ал кәмелетке толған тұрғындар арасында вакцинаның бірінші дозасын 86,1 пайызы салдырған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда да эпидемиолоиялық ахуал күрделі болып отыр. Мәселен, өткен тәулікте 2711 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 442 291-ге жетіп отыр.

Одан бөлек, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын күшейтетіні туралы қаулысы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921179-koronavirustyn-zana-osagyna-ainaluy-mumkin-memleket-ataldy/

pixel