Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы көшелердің бірі ертеңгі күнге дейін жабық болады

Опубликовано:

Алматы
Фото: pixabay.com

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС қаладағы көшелердің бірі ертеңгі күнге дейін жабық болатынын өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлады.

"Жетінші шілде сағат 12.00-ден сегізінші шілде сағат 9.00-ге дейін Құрманғазы көшесі бойымен Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде гидравликалық сынақтардан кейін апаттық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайы жабылатыны туралы хабарлаған едік.

2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

"Келесі жылы біз ұшу-қону жолағын жөндеу және қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Енді жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге келісімшарт жасасамыз. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында жөндеудің өзіне, сондай-ақ жөндеудің уақыты мен көлеміне қарай талап етілетін сома нақтыланатын болады", - деді елордалық әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Оның айтуынша, әуежай тағы бір ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр. Алайда бұған айтарлықтай уақыт қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921203-almatydagy-koselerdin-biri-ertengi-kunge-deiin-zabyq-bolady/

pixel