Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Карантин қайда": Бурабайдан қайтқандар ұзын-сонар кептелісте сағаттап тұрды

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/eto_astana_detka

Желіде Бурабайға демалуға барып, кейін ауа райының күрт бұзылуына байланысты қалаға қайтқан елордалықтардың видеосы тарады. Онда астаналықтардың ұзын-сонар кептелісте тұрғанын анық көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бурабайдан қалаға дейінгі ұзын-сонар кептеліс Instagram желісіндегі танымал пабликтердің бірінде пайда болды.

Онда қала тұрғындары мен қонақтарының сағаттап кептелісте тұрғаны айтылады.

"05.07.21. Сағат 18:30, Бурабай мен Щучинскте түнейтін жер таппаған халық, Көкшетауға ағылып жатыр немесе қайтадан елордаға қайтып жатыр. Бір үйдің бағасы 70 000 теңгеге дейін жетті, бірақ үйлердегі жағдай көңіл көншітерліктей емес, масқара", - деп жазған видео авторы.

Желі қолданушылары демалысқа жаппай ұлттық паркке барған елордалықтарды сынап тастады. Олар демалыста карантин талаптарының сақталмағанына шүйлікті.

"Карантин кайда қалды сонда? Кәсіпкерлерді тығырыққа тірегенде сондай, осыларды неге реттеп алмайды екен?", "Маска да жоқ, бәрі түк болмағандай демалып жүр", "Біздің халықты ештеңе тоқтата алмайды, тағы былтырғыдай жағдай ушықпаса жақсы ғой?", "Бурабайға бармағаным қалай жақсы болды, мынадай кептелісті көріп, шошып отырмын", "Келесі демалыста барса ғой, кептеліс, күйзеліссіз-ақ жақсы демалып қайтатын еді мына халық", "Сөзім жоқ, карантиннің иісі де сезілмейді" деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Бурабайға демалуға барған елордалықтардың ондағы демалыс орындарының астан-кестенін шығарғанын хабарлаған едік. Демалушылар әсіресе жол жиегіне қоқыс лақтырып, онда қоқыс жәшіктерінің аздығына күйінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921227-karantin-qaida-burabaidan-qaitqandar-uzyn-sonar-kepteliste-sagattap-turdy-video/

pixel