RU

Вакцинадан бас тартқан: Алматы облысында тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысындағы балалар үйінің тәрбиешісі вакцинадан және ПТР тест тапсырып отырудан бас тартты. Осыған байланысты балалар үйінің қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді, қалған қызметкерлер вакцина алды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде "Талдықорған қаласының Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі" КММ қызметкерлеріне вакцина алу немесе ПТР тест тапсыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Балалар үйінің 93 қызметкерінен төртеуінде медициналық қарсы көрсеткіші бар. Тағы бі тәрбиеші вакцинадан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш берген, сонымен қатар ПТР тест тапсырудан бас тартқан.

Қазіргі уақытта тәрбиеші 3 шілдеде жұмыстан шеттетілді. Қалған қызметкерлер вакцина салдырған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда да эпидемиолоиялық ахуал күрделі болып отыр. Мәселен, өткен тәулікте 2711 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 442 291-ге жетіп отыр.

Одан бөлек, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын күшейтетіні туралы қаулысы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921230-vakcinadan-bas-tartqan-almaty-oblysynda-tarbiesi-zumystan-settetildi/