RU

Полиция Алматыдағы заңсыз митингтерге қатысты пікір білдірді

Полиция11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 6 шілде күні заңсыз митингтер өтті. Оңтүстік астана полициясы санкцияланбаған жиындарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқыққорғау органдары митингті бір топ адам ұйымдастырғанын айтты.

"Заңсыз әрекеттер туралы бірнеше рет түсіндірулерге қарамастан, жиналғандар мегафон мен басқа да атрибуттарды қолдана отырып шеру өткізуге тырысты. Осыған байланысты оларды полиция қызметкерлері қоршады",- делінген құқыққорғау органдарының хабарламасында.

Полиция митингтің кейбір қатысушысы тәртіп сақшыларына бағынбағанын, оларға әртүрлі заттар лақтырғанын, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғанын, осылайша қоғамға құрметсіздік көрсеткенін айта кетті.

Нәтижесінде үш адам ұсталды. Олардың екеуі кішігірім бұзақылық үшін әкімшілік жазаға тартылды. Олар 10 тәулікке қамалды. Ұсталған үшінші адам денсаулығына байланысты босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921283-policiya-almatydagy-zansyz-mitingterge-qatysty-pikir-bildirdi/