Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында бір қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматы
Фото: pixabay.com

Алматы тауларында бір қыз жоғалып кетті деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазіргі уақытта Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле-Алатауында жоғалып кеткен қызды іздеп жатыр.

Ведомство жоғалған қыз туралы ақпарат 7 шілде күні түскенін хабардар етті.

Анасының сөзінше, ол тауға 5 шілде күні кеткен.

Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көріпті. Қыздың телефоны үйде қалған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі 5 адамнан тұратын жеке құрамы іздеу-құтқару жұмысын бастап кеткенін хабарлап, құтқарушылардың екі топқа бөлінгенін де жеткізді.

Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алған.

Сонымен қатар, олардың гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап шығтыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921318-almaty-taularynda-bir-qyz-zogalyp-ketti/

pixel