RU

Елімізде бір тәулікте 3000-ға жуық адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте Қазақстанда 2800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 794
  • Алматы қаласы - 340
  • Шымкент қаласы - 133
  • Ақмола облысы - 129
  • Ақтөбе облысы - 67
  • Алматы облысы - 86
  • Атырау облысы - 149
  • Шығыс Қазақстан облысы - 80
  • Жамбыл облысы - 41
  • Батыс Қазақстан облысы - 176
  • Қарағанды облысы - 349
  • Қостанай облысы - 54
  • Қызылорда облысы - 47
  • Маңғыстау облысы - 154
  • Павлодар облысы - 126
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 45
  • Түркістан облысы - 30.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 445 091-ге жетті.

Еске салайық, осыған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін де хабарлағанбыз.

Дәлірек айтсақ, өткен аптада оңтүстік астанада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,7 есеге өскен. Тәуліктік өсім 0,3 пайызды құрап отыр.

Бүгінде Алматыда инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауыр деп бағалануда. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102 пациент жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында - 19, инвазивті емес тыныс алу аппаратында - 34, High flow аппаратындағылар - 22.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921334-elimizde-bir-taulikte-3000-ga-zuyq-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/