Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады деп хабарлайды zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру Платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек болатын. Бүгінгі күні платформа жұмыс істемейді және медициналық мекемелер платформаны қолданбайды, бұл жиналған дәлелдермен расталған.

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 миллион долларды немесе 1,5 миллиард теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов 2020 жылғы маусымда санитарлық авиацияның әуе кемесін жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталған. Қазақстан ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын күшінде қалдырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921354-birtanovqa-qatysty-sotqa-deiingi-tergeu-ayaqtaldy/

pixel