Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағдайы ауыр: Алматы тауында жоғалып кеткен тұрғын табылды

Опубликовано:

Алматы көлі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы тауында жоғалып кеткен тұрғын Үлкен Алматы көлінің маңынан табылды. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"8 шілде күні сағат 10:56-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне республикалық жедел-құтқару жасағынан Үлкен Алматы көлі аумағында хабарсыз кеткен Әлия Қамиеваның табылғаны туралы ақпарат түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жеткізу қажет", - делінген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.

ТЖД "Қазавиақұтқару" тікұшағының ұшуын ұйымдастырған.

Сонымен қатар, оқиға орнына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы мен Алматы қаласы жедел жәрдем қызметінің арнайы бригадасы жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы тауларында тұрғынның жоғалғаны туралы жетінші шілдеде белгілі болған еді.

Әлия Қамиеваның анасы оның 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтып, құтқарушыларға жүгінген.

Куәгерлер алматылық тұрғынды соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көргенін айтып, оны іздеуге республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологиялық есептер, "109" құтқару қызметі, 75 ерікті мен дрондар жұмылдырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921406-zagdaiy-auyr-almaty-tauynda-zogalyp-ketken-kelinsek-tabyldy/

pixel