jitsu gif

"Өмірді өзгерткім келеді": Адамдарға тегін көмек беретін оралдық "маскалы адам" кім

Фото
Фото: Instagram/chelovekvmaskee

24 жастағы оралдық тұрғын көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көптің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Өзінің аты-жөнін жалпақ жұртқа жариялағысы келмейтін бейтаныс азамат KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Жас жігіттің айтуынша, ол жоғары оқу орнын тәмамдаған екен. Бүгінде өзінің жеке кәсібі барын да жасырмады.

"Түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрамын және оны камерамен түсіріп, көпке үлгі болып, қоғамды жақсы жаққа қарай өзгерткіміз келеді. Өзімді волонтер деп санамаймын, тек жақсылықтың жаршысы болып, көмекке мұқтаж адамдарға аз да болса, жәрдемдессем деймін", - дейді аты-жөнін атамауды сұраған азамат.

Бір қызығы, ер адам өзі көмектескен халыққа бет әлпетін көрсетуді құптамайды. Ол көмекке мұқтаж жандардың барлығына маска тағып барады.

"Мен 17 жасымнан бастап өмірде өз жолымды табуға талпындым. Кім боларымды білмей, көп ойландым. Бір күні өзіме "Бай-қуатты болсам не істейтін едім?" деген сауал қойдым. Сөйтіп қайырымдылыққа бет бұрып, спортпен айналысуды шештім. Кішкентайымнан әлемді құтқаратын "супер кейіпкер" туралы мультфильмдерді көп көретінмін. Сосын өзім де солар сияқты болсам ғой деп армандайтынмын", - дейді ол.

Сонымен бірге, адамдарға "показуха" үшін көмектеспейтінін, керісінше, осы әрекеті арқылы көпке үлгі болғысы келетінін айтты.

"Неге маска тағатыныма келер болсам, мен бұған дейін де, ешқандай камераға түсірмей-ақ, көптеген адамдарға көмек беріп келдім. Олардың санын да нақты айта алмаймын және ол мен үшін маңызды да емес.
Көбісі "показуха" үшін жасайды деп ойламас үшін, осылай маска тағуды жөн көрдім. Кейде таныстарым, аға-әпкелерім мені дауысымнан танып қойып жатады. Бірақ аты-жөнімнің осылай көпке жарияланбағанын қалаймын",-деп әңгімесін аяқтады жігіт.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.