RU

Алматылық азамат өзін блогермін деп таныстырып, полициядан ақша бопсалаған

Көрнекі
Фото: polisia.kz

Алматыда ер адам полиция қызметкерлерінен ақша бопсалаған деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 34 жастағы алматылық азамат өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырған.

Сонымен қатар оның арандатушылық жасамауға және желіде түрлі видеолар жарияламауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқаны белгілі болды.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахманов пікір білдірді.

Оның сөзінше, бопсалаған сома 50-ден 200 мың теңгеге аралығында болған.

"Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында, сұратқан 300 долларын алып жатқан кезде жүзеге асырылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдары полиция департаментінің ьергеу басқармасымен жүргізілуде, – деді Рустам Әбдрахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921439-almatylyq-azamat-ozin-blogermin-dep-tanystyryp-policiyadan-aqsa-bopsalagan/