RU

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

қоғамдық көлік1
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жүрмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, 11 шілде күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

Естеріңізге сала кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде режимін сақтау міндет болып саналады.

Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921445-nur-sultan-qalasynda-aldagy-zeksenbi-kuni-qogamdyq-kolik-zurmeidi/