Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік төлемдерді енді кез келген ХҚО-да рәсімдеуге болады

Опубликовано:

Халыққа қызмет көрсету орталығы
Көрнекі фото: egov.kz

2021 жылдың үшінші тоқсанында әлеуметтік төлемдердің үш түрін ресімдеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің экстерриториалды қағидаты енгізілетін болады. Қазақстандықтар тұрақты тіркеу мекенжайына қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-на жүгіне алады деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов айтты.

Қазір тұрақты тіркеу жеріне қарасты ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талабының бірі.

"Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін цифрландыру бағыттарының бірі аумақтан тыс қағидатты енгізу. Үшінші тоқсанда осы принциптің арқасында қазақстандықтар баланың туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, жүктілік пен босануға, жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты кірістерін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бере алады және бір жасқа толған кезде баланы күтуге байланысты табысы жоғалған жағдайда, тіркеу орнына қарамастан, елдің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат өткізе алады. Жыл соңына қарай біз басқа төлемдер бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз", – деді Біржан Жүнісов.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "Азаматтарға арналған үкімет" әлеуметтік салада 815 мың Мемлекеттік қызмет көрсетті. Жалпы мемлекеттік корпорация төлемдердің 44 түрі бойынша электрондық іс макеттерін қалыптастырады және міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар бойынша дербестендірілген есеп жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1921473-aleumettik-tolemderdi-endi-kez-kelgen-xqo-da-rasimdeuge-bolady/

pixel