Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан маңында жол апаты болып, полиция қызметкері қаза тапты

Опубликовано:

Кадр
Көрнекі фото: zakon.kz

Нұр-Сұлтан маңында болған жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән жайын елордалық полиция департаменті айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол көлік оқиғасы 5 шілдеде 00.24-те Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Қажымұқан ауылының маңында болған.

"30 жастағы жүргізушінің рөлге ие бола алмағаны Lexus GS 300 жеңіл көлігінің аударылуына алып келген. Жол апаты салдарынан жүргізуші ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен түсті. 35 жастағы жолаушы полиция қызметкері еді, ол оқиға орнында қаза тапты", -делінген ведомство таратқан хабарламада.

Аталған жағдайдың Ақмола облыстық полиция департаментінде тіркелгені айтылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921475-nur-sultan-manynda-zol-apaty-bolyp-policiya-qyzmetkeri-qaza-tapty/

pixel