Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл магистратура мен докторантураға түсу үшін неше грант бөлінді

Опубликовано:

Мұғалімдер
Көрнекі фото: bilimdinews.kz

2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант, докторантураға – 1800-ден астам грант бөлінді. Білім беру гранттары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • Магистратурада оқуға гранттардың көп саны педагогикалық мамандықтар бойынша қарастырылған – 3 642 грант.
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3429,
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша – 1278,
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 1233,
  • ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша – 527 грант бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге ниет білдірушілерді тіркеу 18 маусымда басталып, 15 шілдеге дейін жалғасады.

Емтихан 20 шілдеде басталады.

"Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін біз тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляцияға беру жүйесін өзгерттік. Ол электрондық форматта өтеді. Енді талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бірден апелляцияға өтініш бере алады", – деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Докторантура бойынша 2021-2022 оқу жылында 1890 білім беру гранты бөлінді.

  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 446,
  • педагогикалық ғылымдар – 370, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 292,
  • өнер және гуманитарлық ғылымдар – 205.

Естеріңізге сала кетейік, докторантураға өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр. Қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтары базасында электрондық форматта өтеді.

"Мұндай формат өткен жылы магистратураға түсу емтихандарын тапсыру кезінде енгізілген болатын. Бұл академиялық адалдықты және емтихан тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған формат Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде де өзін дәлелдей білді. Өйткені әрбір компьютер бейнекамерамен жабдықталған. Бұл әрбір талапкерді байқауға мүмкіндік береді, осылайша емтихан тапсыру рәсімінің және жалпы қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2021-2022 оқу жылындағы білім беру гранттарының толық тізімі ашық дереккөзде орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921483-biyl-magistratura-men-doktaranturaga-tusu-usin-nese-grant-bolindi/

pixel