Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дарынды режиссер еді": Президент Сатыбалды Нарымбетовтің жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сатыбалды Нарымбетовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды. Сондай-ақ әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазылған президенттің жеделхатында.

Еске сала кетсек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген.

Режиссер ҚазҰУ-дің филология факультетінде үш курс оқып, 1965 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарий факультетіне оқуға түседі.

Ал 1974 жылы қысқаметражды "Очарование" фильмін түсіріп, бірнеше жылдан кейін "Балалық шағымның Дон Кихоты" атты алғашқы толықметражды фильмін жарыққа шығарады.

1984 жылы жоғарғы режиссерлік курсты Георгий Данелияның шеберханасы бойынша тәмамдайды.

Сатыбалды Нарымбетов көптеген толықметражды көркем және деректі фильмдер түсірген, оннан астам фильмдерге сценарий жазған, бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921495-daryndy-rezisser-edi-prezident-satybaldy-narymbetovtin-zaqyndaryna-konil-aitty/

pixel