RU

Елімізде вакцина алғандардың неше пайызы коронавирус жұқтырды

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина алғаннан кейін кронавирус жұқтырғандардың статистикасын атады деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда еліміз бойынша вакцина алғаннан кейін 2 212 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген.

Соның ішінде бірінші компонеттен кейін 1 308 жағдай, екінші компоненттен кейін 904 жағдай анықталыпты.

Одан бөлек, Айжан Есмағамбетова аталған статистиканы вакциналардың түріне бөліп айтып берді.

  • "Спутник V" бойынша 2 024 жағдай анықталды. Бірінші компонент – 1 190, екінші компонент – 834.
  • QazVac бойынша 40 жағдай тіркелді. Сәйкесінше, 21 және 19.
  • Hayat-Vax бойынша 140 (89/51),
  • CoronaVac бойынша 6 адам бірінші дозадан кейін коронавирус жұқтырған.
"Осының бәрін қоссаңыз 2 212 жағдай шығады. Алайда бұл ақпаратты абсолютті сандар көлемінде қолдану дұрыс емес деп ойлаймын. Бүгінде бізде 4 миллионға жуық адам екпе алған. Соның 0,05 пайызы вакцина алғаннан кейін ауырған деген сөз", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921513-elimizde-vakcina-algandardyn-nese-paiyzy-koronavirus-zuqtyrdy/