Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағдай ушығып жатыр: Қазақстанда қайтадан локдаун енгізілуі мүмкін бе

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Қазақстанда локдаун жариялау ықтималдығы туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері денсаулық сақтау министрлігінен карантинді күшейту жоспары бар-жоғын сұрады.

"Мәселен, сіз өткен жылы төсектер саны 70 пайызға толған уақытта локдаун енгізіледі деп айтып едіңіз. Алайда қазір Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш 80%-ға жетті. Қандай шаралар қолданасыздар?", - деді журналистер.

Марат Шоранов бүгінде денсаулық сақтау жүйесіне артық салмақ түсіп тұрғанын жасырмады.

Оның сөзінше, жұмыс тобы елдегі жалпы эпидемиологиялық ахуалға сәйкес болжамдарын жаңартуда.

"Келесі айдың ішінде науқастардың саны көбейеді деп есептеп отыр. Оның саны пессимистік сценарий бойынша қазіргіден екі есеге дейін көбеюі ықтимал. Өздеріңіз білесіздер, біз өз болжамдарымызды үш сценарий бойынша жасаймыз. Ең бірінші мақсатымыз – қазіргі қалалық ауруханаларда төсек-орын жүктемесін көбейтпеу", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Марат Шоранов қазір республика бойынша стационарлық төсектердің жүктелімі 37 пайызға жеткенін атап өтті.

Осы орайда вице-министр төсек жүктемесі бойынша ережелерден әлі бас тартпағанын, аталған ережені міндетті түрде сақтайтынын жеткізді.

Оның дерегінше, еліміз бойынша төсек орындардың 37 пайызы жүктелген.

"70 пайызға жеткен мезгілде қосымша төсек орындарын ашамыз. Ал 70 пайыздан асса, сол кезде ондай шешім (локдаун енгізу - ред.) қарастыру керек", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921516-zagdai-usygyp-zatyr-qazaqstanda-qaitadan-lokdaun-engizilui-mumkin-be/

pixel