RU

Ақтауда карантин күшейтілді

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстауда жазғы алаңдардың қызметіне тыйым салынды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, енді мейрамхана, дәмхана, қоғамдық тамақтандыру нысандары санитария талаптарын сақтай отырып, келушілер санын 30 орыннан асырмау керек.

Жұмыс күндері сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін рұқсат етілді. Ал, Ashyq қосымшасын қолданбаған кәсіпкерлер сенбі, жексенбі күні мүлдем ашылмайды. Маңғыстауда өткен тәулікте 154 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Көрсеткіштің күрт өсуі өңір тұрғындарын иммундаудың төмен деңгейімен байланысты, дейді мамандар.

"Ashyq жобасына кіргеннен бері бізде 488 кәсіпкер қатысып отыр. 488 кәсіпкердің жұмыс жасап бастағалы келушілерді сканерлегеннің арқасында 61 қызыл статуспен және 28 сары статуспен кеушілер анықталды. Ашықты пайдаланбайтын субьектілер бойынша әр 2 апта сайын орталықтан кімде 0 сканер, кімде 20-дан төмен болды, әкімшілікке береміз. Олар мониторинг топ жібереді", – МО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанова.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов Қазақстанда локдаун жариялау ықтималдығы туралы пікір білдірген еді.

Марат Шоранов бүгінде денсаулық сақтау жүйесіне артық салмақ түсіп тұрғанын жасырмады. Оның сөзінше, жұмыс тобы елдегі жалпы эпидемиологиялық ахуалға сәйкес болжамдарын жаңартуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921524-aqtauda-karantin-kuseitildi/