Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында орман өрті өршіп тұр (фото, видео)

Опубликовано:

Қостанай облысындағы орман өрті
Фото: Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай ауданында «Пригородное» Онман шаруашылығы басқармасының аумағында құрғақ шөп, қарағай мен қайың жануы орын алды деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

"Өрт қауіптілігінің 5-ші төтенше класы белгіленді. Өрттің алдын ала аумағы шамамен 300 га құрады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ыстық әрі құрғақ ауа-райы, үстінгі өрт және қатты жел оттың таралуына ықпал етіп, оны сөндіруді қиындатады.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіру үшін ТЖД-дан 54 қызметкер мен 15 техникалық бірлік, ЖАО - 50 жұмысшы, 3 бірлік техника, УЛХ-дан 36 жұмысшы мен 9 бірлік техника жұмылдырылды. Оған қоса, тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ІІМ академиясынан 120 адам мен 2 бірлік техника, Қостанай ауданының полиция бөлімінен 45 адам мен 6 бірлік техника қатысты.

Өрт орнында жедел штаб құрылды. Әуе барлауы жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921540-qostanai-oblysynda-orman-orti-orsip-tur-foto-video/

pixel