Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн жаңбырлы болады: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктер 9-10 шілдеге арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер 9-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады. Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде +13+23℃ дейін жылынады, ал күндіз +23 +32℃ дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде +10+21℃ күтіледі, күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді. Елдің орталығында және шығысында түнде +13+23℃, күндіз +25+37℃, ал Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +18+25°С, күндіз +30+42°С болады.

9 шілде еліміздің тек қиыр солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл болады.

Бүгін 9 шілдеде ел өңірлерінде ауа райы қандай болмақ?

Ақмола облысында жел 15-25 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі, Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл болып, желдің күшеюі 15-23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады. Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921562-kun-zanbyrly-bolady-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel