Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті вирус: Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақтөбе облысы "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

9 шілдедегі жағдай бойынша, Ақтөбе өңірінен бөлек "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2909 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 448 000-ға жетіп отыр.

Еске салайық, осыған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін де хабарлағанбыз.

Дәлірек айтсақ, өткен аптада оңтүстік астанада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,7 есеге өскен. Тәуліктік өсім 0,3 пайызды құрап отыр.

Бүгінде Алматыда инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауыр деп бағалануда. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102 пациент жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында - 19, инвазивті емес тыныс алу аппаратында - 34, High flow аппаратындағылар - 22.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921585-elimizdin-tagy-bir-oniri-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel