RU

Елімізде қанша адам коронавирустан көз жұмды

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен коронавирустық пневмониядан көз жұмғандар туралы соңғы мәліметтерді ресми сайтында назарға ұсынды.

Министрліктің 9 шілде күні ұсынған ақпаратына сәйкес, жетінші шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде тіркелген қайғылы жағдайлар саны келесідегідей:

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 32 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 5 адам көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан 9 адам, коронавирустық пневмониядан 1 адам көз жұмып, еліміздің бас қаласы қайғылы жағдайлар саны бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы - өңірде коронавирустан көз жұмудың алты жағдайы тіркелген.

Сол арада коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram каналында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 9 шілдедегі ақпаратты назарға ұсынды.

9 шілдедегі мәлімет бойынша 36 723 адам коронавирус инфекциясынан (35 361 КВИ+ және 1 362 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

11 534 науқас стационарда, 25 189 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

735 адамның жағдайы ауыр, 169 пациенттің жағдайы өте ауыр, 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария еткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921586-elimizde-qansa-adam-koronavirustan-koz-zumdy/