Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел алдында әйелінің шашынан тартып сүйреген ер адам жұрттың жағасын ұстатты

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Телеграм

Алматыда ер адам әйелдің шашынан аяусыз сүйреген. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы полиция департаменті қақтығысқа қатысушылардың ерлі-зайыпты екенін, ал оқиға Думан ықшамауданында болғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары 8 шілдеде әлеуметтік желіде мониторинг жасау кезінде бұл фактіні анықтаған.

Белгілі болғандай, жәбірленуші 1979 жылы туған, ал оны соққыға жыққан ер адам 1974 жылғы екен.

"Аталған факт бойынша учаскелік инспекторлар оқиға орнында тексеру жүргізді. Әйел күйеуінің үстінен арыз жазды. Оған сот-медициналық сараптамадан өтуге жолдама берілді. Ер адам жауапкершілікке тарту сараптаманың шешімінен кейін қаралады", - деді полиция.

Сонымен қатар, ер адам апта сайын профилактикалық әңгіме жүргізу үшін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторға келуге міндетелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921618-el-aldynda-aielinin-sasynan-tartyp-suiregen-er-adam-zurttyn-zagasyn-ustatty/

pixel