Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғашығына үйленуге ерекше ұсыныс жасаған Ақтау тұрғыны күтпеген жауап алды (видео)

Опубликовано:

Ғашықтар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғашығына үйленуді қалаған Ақтау тұрғыны оған ерекше ұсыныс жасады. Алайда бойжеткен жас жігітке тұрмысқа шығудан бас тартты. Бұл жайтты оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтау қаласының тұрғыны сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаудың ерекше әдісін таңдаған. Жігіт ашық аспан астындағы кинотеатр экранында сүйіктісінің суреті бар видеоны жариялауға бел буады.

Барлығы фильм тамашалауға келіп, тарқасып үлгермеген көпшіліктің көз алдында болды. Гавриил есімді куәгердің айтуынша, ол экраннан бойжеткеннің суреті бар бейнежазбаны көреді, суреттер әдемі әуенмен сүйемелденіп, артынша отшашулар басталады.

"Содан кейін олар бойжеткенді шақырды, бір жігіт оған үлкен гүл шоқтарын сыйға тартты", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны.

Гавриилдің айтуынша, бойжеткеннің мұндай тосынсыйды күтпегені байқалып қалған. Жас жігіт ғашығын қанша көндіруге тырысқанына қарамастан, бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартыпты.

"Алдымен екеуі бірдеңені талқылап жатты, содан кейін жігіт қолын сермеді де, сүйіктісі келісім бермегенін айтты", - деп қосты куәгер.

Еске салсақ, бұған дейін Reddit сайтының қолданушылары жігітінің сақалын қырудан бас тартқанына бола тойды болдырмай қойған қалыңдықтың әрекетін қызу талқыға салғанын жазған едік.

Той күні жақындаған сайын бойжеткенді болашақ күйеуінің сақалы оған мүлде жараспайды деген ой мазалай бастаған. Осыдан кейін ару жігітіне сақалын қырмаса, той болмайтынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921619-gasygyna-uilenuge-erekse-usynys-zasagan-aqtau-turgyny-kutpegen-zauap-aldy-video/

pixel