Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500-ге жуық адам жоғалып кетті": Бір ғасыр бұрын Алматыда болған сел жайлы не білеміз

Опубликовано:

Фото
Фото: vernoye-almaty.kz

1921 жылдың 8-9 шілдесінде Алматыда алапат сел болып, табиғи апат жүздеген адамның өмірін жалмаған еді. Таудан қалаға толқындармен бірге ағып келген ірі тастар күні бүгінге дейін оңтүстік астананың әр жерінде жатыр. KAZ.NUR.KZ тілшісі бір ғасыр бұрын қаланың астаң-кестеңін шығарған сел жайлы ақпарат жинап көрді.

Ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша сел Іле Алатауында жауған жаңбырдан кейін пайда болған.

Болжам бойынша сол жылы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінен аққан селдің көлемі 7-10 миллион текше метрді құраған.

Куәгерлер 1921 жылы болған алапат селді Алматы тарихындағы ең ірі апат дейді.

"Судың гүрілі, тарс-тұрс құлаған тастардың дыбысы, қираған ғимараттардың, құлап жатқан темір-терсектің дауысы – міне осының бәрі қалаға ағып келе жатқан алып селдің дауысы еді. Сосын көзді ашып-жұмғанша лай мен үлкен тастар, қираған ағаштарға толы лай су қалаға кіріп келіп, жолындағының бәрін астаң-кестеңін шығарды", - деп сол күнді еске алады куәгерлер.

Деректерге сәйкес сел толқыны бар-жоғы 6 сағаттың ішінде 7 миллион текше метр су мен 3 миллион 250 мың текше метр тас, лай-батпақты әкеліп үлгерген.

Фото
Фото: vernoye-almaty.kz

Сонымен бірге деректерде қаланың батыс бөлігі, сол кездергеі Гончарный, қазіргі Мұратбаев көшесінің қатты зақымданғаны айтылады. Қала тұрғындары айналдырған бес сағаттың ішінде қаланың көп бөлігі үйінділерге толып, ғимараттар тұруға жарамсыз болып қалғанын еске алады.

1921 жылғы алапат селдің толқыны 6 метрді құрап, жарты минут пен бір минуттың аралығында қайталанып отырған. Мамандар мұндай толқындардың жалпы саны 80 болды дейді.

"1921 жылдың 8-9 шілдесіндегі Алма-Аталық апат" атты В.Д. Городецкийдің кітабында "Тастар бұршақ сияқты жауды. Ғимараттар мен ағаштар қирап жатты. Қаланың ішінде судың гүрілі мен көмек сұраған адамдардың дауысы шығып жатты" деп жазылған.

Кей деректер бойынша сол жылы селден 500-ге жуық адам із-түзсіз жоғалып, 80-нен астам адам жарақат алған. 500-ден астам отбасы үйсіз қалып, қаланың 7%-ы өмір сүруге жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ 65 үй мен 174 шаруашылық нысандары қирап, 82 үй мен 63 қора-қопсыға зақым келген.

Фото
Фото: vernoye-almaty.kz

Сонымен бірге қаланың бас арығы мен Весновка өзеніндегі дамба қираған.

Селден кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, оған 5 мыңнан астам жұмылдырылған.

Ал бүгінде қала көшелеріндегі алып тастар сол алапат селдің қалдықтары дейді алматылықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921657-6-metrlik-tolqyndar-minut-saiyn-keldi-bir-gasyr-buryn-bolgan-almatydagy-sel-zaily-ne-bilemiz/

pixel