Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен күреске бөлінген ақша: 100-ден астам жемқорлық фактісі анықталды

Опубликовано:

Жемқорлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов коронавирус эпидемиясы кезінде медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу және үстемеақы бөлу кезінде жымқыру және жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шымкентте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақұлов үлестес компаниялар арқылы медициналық техниканы жоғары бағамен сатып алғаны үшін сотталды. Шығын 1,5 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ, дәл осындай әрекет үшін күдікке ілінген Маңғыстау облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жаманбаева сотталды", – дейді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, медициналық қызметкерлерге үстемеақы тағайындау кезінде тәуекел тобына жатпайтын адамдарға үстемеақы төлеу, жұмыс уақытын қосып жазу және басшылардың қарапайым дәрігерлерден ақша бопсалауы сынды фактілер анықталған.

"Атап айтқанда, Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының бас дәрігері және оның екі орынбасары қол астындағылардан үстемеақы тағайындағаны үшін жүйелі түрде пара алу схемасын ұйымдастырған", – дейді ол.

Агенттік төрағасының сөзінше, бұл салада сыбайлас жемқорлыққа байланысты 104 құқық бұзушылық тіркелген.

Айта кетсек, бұған дейін Марат Ахметжанов вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлерінің ұсталғаны туралы айтқан еді.

Оның дерегінше, Нұр-Сұлтан қаласында сондай-ақ, Ақмола және Алматы облыстарында медицина қызметкерлері ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921666-koronaviruspen-kureske-bolingen-aqsa-100-den-astam-zemqorlyq-faktisi-anyqtaldy/

pixel