Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай баға астанада да жоқ": БҚО-да аудан әкімдігі 30 млн теңгеге пәтер сатып алмақ болған

Опубликовано:

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов облыстық әкімдік 30 миллион теңгеге пәтер сатып алуды жоспарлаған жағдай туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марат Ахметжановтың сөзінше, қазір олар "Атамекен" ҰКП бірлесіп, конкурстар бойынша сатып алу бағаларына мониторинг пен талдау жүргізеді.

"Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының әкімдігі 30 млн теңгеге көлемі 40-тан 60 шаршы метрге дейін пәтер сатып алуды жоспарлаған. Мұндай бағаның тіпті астанада жоқ екені белгілі. Біздің ұсынысымыз бойынша бағасы 6 есеге, яғни 5 млн теңгеге дейін түсті", - дейді Марат Ахметжанов.

Агенттік төрағасының мәліметінше, егер өткен жылы 40 млрд теңгенің артық шығыны анықталса, осы жылдың тек 6 айында 36 млрд теңгенің шығыны анықталған.

"Біз көрсеткіштің өсуін жетістік ретінде айтамыз, бірақ шын мәнісінде бұл проблемадан хабар береді. Бағаның көтерілуі - бұл пара беру мен алудың алғашқы қадамы", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Марат Ахметжанов халыққа өз мәселесін пара беру арқылы тез әрі жеңіл шешкен ыңғайлы екенін жеткізген еді.

Ол барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстарының үштен бірін құрайтын пара берушілер санының төмендемей отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Агенттік төрағасының пікірінше, халыққа пара беріп, өз мәселесін тез әрі жеңіл шешкен ыңғайлы. Адамдар заңсыз артықшылық немесе пайда алу, бюрократиялық кедергілерді айналып өту үшін пара беруге мәжбүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921668-mundai-baga-astanada-da-zoq-bqo-da-audan-akimdigi-30-mln-tengege-pater-satyp-almaq-bolgan/

pixel