Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қажыларға жалған вакцинация паспортын дайындаған туристік компания әшкере болды

Опубликовано:

Вакцинация паспорты
Видеодан кадр: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қажыларға жалған вакцинация паспортын дайындаған туристік компанияны анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тест нәтижесі мен вакцинация паспортын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 фактісін тіркеген.

Мәселен, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне баруы үшін жалған вакцинация паспортын (143 паспорт) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталған.

ІІМ дерегінше, қазір бұл факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот сараптамасы тағайындалған. Тінту шаралары барысында кеңсе техникасы, мөр, бланк алынған.

Айта кеткен жөн, елімізде жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921688-qazylarga-zalgan-vakcinaciya-pasportyn-daiyndagan-turistik-kompaniya-askere-boldy/

pixel