RU

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйдің қасбеті ашылып кетті (фото)

Үй
Фото: instagram.com/dauletten

Алматыдағы "Жас Қанат" шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ашылып кетті. Тұрғын үйдің фотосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Суретті блогер Дәулет Мұқаев өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Оның сөзінше, үй мемлекеттік бағдаралама бойынша салынған.

Бұған қатысты қала әкімдігі пікір білдірді.

"Бұл үй 2015 жылы қолданысқа берілген. Екі жыл кепілдік мерзімі өтіп кетті. Біз қасбеттің ажырау себебін анықтау үшін сол жерге мамандарды жібердік. Бұл сапасыз құрылыстың немесе дұрыс қызмет көрсетпеудің салдарынан болуы мүмкін", - дейді Алматы қалалық жайлы орта басқармасының тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы Олжас Тәжібаев.

Ол үйдің қасбеті минералды мақтамен, артынша тормен қапталатынын содан кейін ғана сылақпен сыланатынын атап өтті.

Шенеуніктің айтуынша, қабырға мен қаптаманың арасына су жоғарғы жағындағы қалқан арқылы енуі мүмкін.

"Қазір салушы немесе пәтер иелерінің кооперативінің қайсы кінәлі екенін анықтауымыз керек. Салдарын солардың бірі жоятын болады", - дейді Тәжібаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің қабырғасы опырылған еді.

Одан бөлек, Павлодарда салынып жатқан көпқабатты ғимарат опырылып түскенін жазған едік.

Төтенше жағдай 17 маусым күні сағат 19:41-де Торайғыров көшесінде салынып жатқан көппәтерлі төрт қабатты үйде болған. Салдарынан үш адам зардап шеккен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921717-almatyda-memlekettik-bagdarlama-boiynsa-salyngan-turgyn-uidin-qasbeti-asylyp-ketti/